Мотоциклмен аспалы көпірден өтпек болған. Абай облысында үш адам өзенге құлап кетті

814
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Абай облысының Аягөз ауданында үш адам ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл өткізбек болғанда өзенге құлап кеткен. Құтқарушылар екі ер адамның денесін тапты, үшінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға 15 сәуірде болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Аякөз қаласындағы «101» құтқару қызметіне Ақшаулы ауылында төтенше жағдай орын алғаны туралы хабар түскен.

"Куәгерлердің айтуынша, үш жұмысшы Көкқамыр учаскесінде орналасқан ағаш аспалы көпір арқылы мотоциклді өткізбек болған. Алайда олар көпірден өзенге – Қаракөлге құлап кеткен. Оқиға орнында олардың ұялы телефондары мен сырт киімдері табылған," – делінген Абай облысы ТЖД хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан көпірдің апатты жағдайда екені, адам жүруге мүлдем жарамсыз екені байқалады.

16 сәуірде құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері екі ер адамның денесін тапқан. Кейінірек, үшінші адамның – 1967 жылы туған ер адамның денесі оқиға орнынан екі шақырым жерден табылды.

Марқұмдардың барлығы – жергілікті шаруа қожалығының жұмысшылары. Құтқару және іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, жергілікті әкімдік өкілдері, еріктілер және арнайы техника жұмылдырылды.

Пікірлер