Швейцария тәжірибесі. Қазақстанда самокат пен велосипедке нөмір енгізілуі мүмкін

1293
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/image-13-960x500.jpg?token=339c7422d775c8764ac076d07c1b540a

Қазақстанда самокат пен велосипед жүргізушілеріне қатысты заңды қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тұрғындар самокат мінушілер тротуармен жүріп, жылдамдықты сақтамайтынын айтып, наразылық білдіруде. Сонымен қатар, нөмірлік белгілердің болмауына байланысты оларды жауапкершілікке тарту қиынға соғатыны айтылды.

Санжар Әділов бұл мәселе бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

"Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша түзетулерді дайындап жатырмыз. Оның ішінде шетелдік тәжірибені енгізу туралы ұсыныс та бар. Біз Швейцария тәжірибесін зерттедік. Ол жақта тек самокаттарға ғана емес, велосипедтерге де мемлекеттік нөмірлер беріледі. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті деп есептеледі. Қазір біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз", – деді ол.

Комментарии