“Азаттық радиосы” орысша хабар таратуды тоқтатты

641
Adyrna.kz Telegram
Фото: culture.ru
Фото: culture.ru

15 сәуірден бастап “Азат Еуропа / Азаттық радиосының” құрамына кіретін орыс қызметі — “Радио Свобода” орта толқындағы 1386 КГц жиілікте радиохабар таратуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат радиостанцияның ресми сайтында жарияланды. Алайда хабардың қанша уақытқа тоқтайтыны нақты айтылмаған.

Аталған шешім АҚШ-тың Федералдық округтік сотында өтіп жатқан тыңдаулармен байланысты. Қазір “Азат Еуропа / Азаттық радиосы” медиакорпорациясы өзінің қамқоршылық ұйымы — АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігінен (USAGM) конгресс бөлген 75 миллион долларды аударуды талап етіп жатыр.

Бұған дейін, наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік мекемелердің қызметін қысқарту туралы жарлыққа қол қойған еді. Соның ішінде USAGM де бар. 15 наурызда агенттіктің жаңа әкімшілік тағайындаған уақытша басшылығы қаржыландыруды уақытша тоқтатып, кейін сот шешімімен төлемдерді ішінара қайта жандандырды.

Сәуірдің басында USAGM “Азат Еуропа / Азаттық радиосының” орыс тіліндегі бағдарламаларын тарататын спутниктік қызметтерді де өшірген. Бұл “Настоящее Время” телеарнасының Ресей, Украина, Орталық Азия және Шығыс Еуропаға бағытталған тәулік бойғы хабар таратуына әсер етті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер