Абай облысының әкімі Семей қаласының тазалығын сынады

700
Adyrna.kz Telegram

Абай облысының әкімі Берік Уәли «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған жиында Семей қаласындағы тазалық жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегенін сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыс басшысы сенбілік барысында жиналған қоқыстың дер кезінде шығарылмағанын атап өтті.

«Менің бір апта бұрын жариялаған бейнеүндеуімді халық жақсы қабылдады. Бастамаға қолдау білдіріп, сенбілікке шықты. Алайда Семей қаласындағы сенбілікте жиналған қоқыс толық шығарылмай жатыр. Халық әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіруде. Тұрғындардың еңбегі зая кетпеуі керек. Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау, шаһарды таза ұстау — біздің міндетіміз», — деді аймақ басшысы.

Журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook парақшасында пікір қалдырды.

«Берік Уәли бәрін жыртып жатыр екен. “Екі ай үндемедім, енді аямаймын” депті. Көшесін күнде жуатын Астанадан кейін сұрқы қашқан Семейдің шаң-шаң көшелерінен әбден шошыса керек? Шенеуніктерді шетінен шықпыртып жатыр. Арқаны кеңге салып үйренген Абай облысының атқамінерлері, ағаштардың да шашын түзеп, күту керек пе? — деп аң-таң», — деп жазды.

Облыс әкімдігі тарапынан тазалық жұмыстарын жақсарту және тұрғындардың еңбегін бағалау мақсатында нақты шаралар қабылдануы жоспарлануда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер