Бүгін, 11 сәуір 2025 жылы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында, Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара аясында «Сәтбаев сакурасы» қайта жаңғыртылып, екі сакура ағашы (Kanzan, Kiku-Shidare) отырғызылды.
Сакураларды салтанатты отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегациясы мүшелері, ғылыми қоғамдастық белсенділері, демеуші кәсіпкерлер қатысты.

«Сәтбаев сакурасының» тарихы бойынша «Ақиқат» журналының 2024 жылғы 30 сәуірдегі ақпаратында келесі мәліметтер келтірілген:
«Жапониядан келе жатқан қонақтар Мәскеуден шығып, Алматыға тура тартты. Халықаралық кедендегілерді олардың қолындағы ағаштары таң қалдырды. Декларацияда бұл ағаштар жапон азаматтары атынан қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаевқа деген құрмет пен разылық үшін жіберілген. Кеңес үкіметі мен Қазақстан басшыларынан осы сакура ағаштарын Қазақстанның Ғылым академиясы жанына отырғызуды сұрап, өтініш жазылған хат қоса тіркелді. Ағаштардың шын мәніндегі жапон елінің символы болып саналатын сакура ағашы екені анықталғаннан кейін арнайы орындардың келісімімен Алматыға алып кетуге рұқсат етілді».

«Сәтбаевтың құрметіне академияның жанына тігілген үш сакураның екеуі жайқалып өсті. Ақ пен күлгін, қызғылт түс араласқан сакура гүлінің әсемдігіне ел сүйсініп, «Сәтбаев сакурасы» деп атап жүрді. Жетісудың климатына шыдамай
Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында ерекше символдық мәнге ие «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар еліміздің ғылым тарихына құрмет пен тағзым белгісі.