Magnum себеп болған шу. Компания басшысы халықтан кешірім сұрады

1967
Adyrna.kz Telegram

Magnum компаниясының жеткізу қызметіне қатысты оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам назарын аударды. Осыған байланысты компания басшылығы ресми мәлімдеме жасап, тұтынушыларынан және барша халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы Асылхан есімді азамат Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс бергенін, жеткізу кезінде жеткізушінің одан қазақ тілінде сөйлеуді талап еткенін жазған болатын. Бұл жазба қоғамда түрлі пікірлер тудырып, кейбір азаматтар компанияға бойкот жариялауға шақырды.

Magnum компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов жағдайды түсіндіріп, жеткізушінің жұмыстан шығарылуы тек тіл мәселесіне байланысты емес екенін, тұтынушымен бірнеше рет дөрекі сөйлескені үшін осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Magnum өкілдері бұл жағдайдан сабақ алғандарын және болашақта мұндай түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдайтындарын жеткізді.

Олар жұмыстан шығарған тапсырыс жеткізушіні өз орнына қайтадан қабылдады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер