Мәңгілік алауға тағзым. Лавров Алматыда жүр

1326
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/whatsapp-image-2025-04-10-at-20.57.50-960x500.jpeg?token=b7ab38c81bd5bc33b46b88a83511c38e
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Мемориал Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай бой көтерген және үш негізгі бөліктен тұратын триптих түрінде жасалған. Сол жағында орналасқан «Ант» горельефінде жас қызыл әскердің қаза тапқан жолдастарының аттарын жетелеп келе жатқан сәті бейнеленген. Бұл ескерткіштің
Новости по теме

алдында қалалар-қаһармандардан алынған топырақ салынған капсулалар қойылған. Орталық бөлікте орналасқан «Ерлік» монументі панфиловшылардың Мәскеу үшін шайқастағы ерлігін көрсетеді. Мысқа шекіп салынған бұл көріністе КСРО-ның 15 республикасының өкілдері Совет Одағының картасы аясында бейнеленген. Подиумда: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінетін жер жоқ – артымызда Мәскеу!» Оң жағында «Даңқты жырлаушылар» атты горельеф орналасқан. Бұл бөлікте жеңіске арналған өмір салтанатының символы ретінде бейнелер жасалған.
Комментарии
Новости по теме