Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Qaznews24.kz сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты сот отырысы өтті. Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сот отырысы барысында адвокат пен мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан жауап алды. Темірлан Еңсебек өзінің ісінде нақты дәлелдердің жоқ екенін айтып, жариялаған материалдарының ұлтаралық араздықты қоздыру ниетінен алыс екенін мәлімдеді.
Сот процесі кезінде Еңсебектің жақтастары соттың ашық өтуін талап етіп, аудандық сот ғимаратының алдында жиналды. Алайда олардың көпшілігі полиция тарапынан ұсталды.
Сот отырысы 11 сәуірде куәгерлерден жауап алу үшін жалғасады.