Журналист Лұқпан Ахмедяровты полиция ұстап әкетті

828
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист және азаматтық белсенді Лұқпан Ахмедяровты полиция қызметкерлері түсініксіз жағдайда ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасына түсірген видеода өзін полиция көлігінің ішінде күштеп алып бара жатқанын айтып үлгерген. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары ешқандай ресми құжат көрсетпей, оны және әріптестері Рауль мен Еркебұланды да ұстауға әрекеттенген.

"Жаңа ғана түсірілім жүргізіп жатқанбыз. Мені жаңа ұстады. Полиция қызметкерлері күштеп көлікке отырғызды. Ешқандай түсінік берерлік қағаз көрсеткен жоқ. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Қазір қайда апара жатқандарын да нақты білмеймін", – деді Ахмедяров.

Журналист өзінің ұсталуын жуырда жариялаған мақаласымен байланыстырады. Ол мақалада Ресейге алданып, кейін Украинадағы соғысқа мәжбүрлі түрде тартылған қазақстандықтар туралы баяндалған. Бұл мақала жарияланғаннан кейін, Қазан қаласындағы Қазақстан консулдығы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

"Олардың туыстары маған хабарласып, соғысқа баруға мәжбүрлеп жатқандарын айтты. Бәлкім, менің ұсталуым осы жағдаймен байланысты болар", – деді Ахмедяров.

Лұқпан Сайлауұлы Ахмедяров – танымал журналист, азаматтық белсенді. Ол 1975 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласына 2001 жылы қадам басқан. «Уральская неделя» газетінде жұмыс істеген ол өзінің кәсіби қызметі барысында бірнеше рет қысым мен шабуылдарға ұшыраған. 2012 жылы белгісіз біреулер оған қарулы шабуыл жасап, сегіз пышақ жарақатын салған. Сол жылы ол Шекарасыз репортерлар ұйымының халықаралық сыйлығына ие болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер