- Астана тұрғыны атандыңыздар. Бірер күн болды еліміздің бас қаласы, алтын ордасы Астананың туған күні тойланып жатыр. Тек бір өкініштісі, осы үлкен мерекеде еліміздің өнер адамдары, күміс көмей, жезтаңдай әншілері атсалысып, шаһарды әнмен тербейді дегенге көңілімде күдік бар. Неге десеңіз, көше толы ілінген жарнамаларда кілең шетелдік әншілерді ғана байқадым. Теледидар, радио бәрі «шетелден мынадай-мынадай жұлдыздар келеді. Тойдың көрігін қыздырады» деп қақсау үстінде. Ал отандық өнер жұлдыздарын еске алып, айтып жатқанын ести қоймадық. Сол көше бойлап ілінген жарнама тақталарының арасынан қазақ өнері үшін өзіндік орны бар сізді еш жерден көре алмадық. Үлкен мерекеге шақыру болмады ма, не себеп? Неге Астанамыз өз жұлдыздарымызды өгейсітіп отыр?
- Астананың туған күні осы шаһардың әрбір тұрғыны үшін үлкен мереке. Мен үшін де, менің отбасым үшін де сондай. Сарыарқаның қақ төрінде, күннен-күнге көркейіп келе жатқан бас қаламыз бәріміздің мақтанышымыз. Алайда өзіңіз айтқандай Астананың туған күн меркесінде отандық өнер адамдары, соның ішінде әншілер қауымы сырт қалып жатады. Өзіңіз байқаған боларсыз, жалпы қала күніне арналған бағдарламаларға көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әдеттегідей шетел әншілерінің үлесі басым. Енді «қонағын құдайындай сыйлаған» халықпыз ғой, Алла ниетімізге берсін!

Өзіме келетін болсам, сіз байқағандай бізге ешқандай шақыру түскен жоқ. Оған өкініп, мұңайып жатқан мен емес. Әрине, мерекеге өзімше даярланып жатырмын. Қалай айтсақ та бас қаламыздың басты мерекесі ғой…
- Қалай десек те, әзірге Астана өнердің, ән-күйдің ордасы емес. Сондықтан екі күннің бірінде әндетіп, тойлатып жататын, берекелі-мерекелі мекен — Алматыдан кетіп, өнерден сәлде болса, қол үзіп қалған жоқсыздар ма?
- Әрине, Астана шаһары өзіңіз айтқандай өнер ордасына айнала қойған жоқ. Ол үшін біршама уақыт керек екені ақиқат. Бірақ қол қусырып отырмай, тірлік жасаймын, Алла берген талантымды, өнерімді өркендетемін деген жанға бұл жерде барлық жағдай бар. Содан болар өнерден алыстап кеттік, шет қалдық деп айту артық болар. Шаһарда түрлі шаралар, мерекелер өтіп жатады. Олардан сырт қалмай қатысып, бар мүмкіндігімізді көрсетіп жатырмыз. Астанада тұрғанымызға төрт жылдай болды, осы уақыт аралығында ауыз толтырып айтатындай біраз жұмыс атқардық. Таратып айтар болсақ, бүлдіршіндерімізге ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында ашылған «Қарақат» мектеп студиясы өз жұмысын нәтижелі дамыту үстінде. Сондай-ақ тұңғыш қазақша сөйлеп, ән салатын «Балбала» компаниясының жұмысы қарқынды дамуда. Шығармашылығымызға келетін болсақ, Астанадағы Қазақстан концерт залында мен және «Ұлытау» тобының сахнадағы он жылдығын үлкен концертпен атап өттік. Жақында ғана Франция елінде ұлттық арнаның ұйымдастыруымен өткен «Намыс дода» сайысына қатысып, бес мемлекет ішінен I орынды иеленіп, жеңіспен оралдық. Сондай-ақ Дания елінде өткен қазақ құрылтайына қатысып, Еуропада туып-өскен қандастарымызбен қауышып қайттық. Өткен маусым айында шәкірттеріммен бірге екі бейнебаян түсірдік.
Жақсы-жақсы әндер жазылып жатыр. Бос қарап отырған жағдайымыз жоқ.
- Дәстүрлі әндерді де, эстрадалық әндерді де қатар орындап жүрген жансыз. Қандай ән айтпаңыз, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүрсіз. Жалпы, сізге қайсысы жақын, қазақы қара домбыра ма, әлде эстрада ма?
- Әнші Қарақат дегенде көрерменнің көз алдына ұлттық нақышта киінген, қазақы болмыстағы, жылы жүзді, әсем езу тартқан, қазақша ән айтатын ибалы-инабатты қыз елестері хақ. Ұлттық киім кию, өз ұлтымның зергерлік бұйымдарын тағыну, жалпы қазақ қызы, есік көрген тәрбиелі қазақ келінінің образы менің жаныма тән. Өзімді өте жақсы сезінемін.
- Домбырам жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім, -
деп ақиық ақын Мұқағали айтпақшы, мен өнердегі жолымды қолыма қазақтың қасиетті домбырасын алудан бастадым. Өнерге қолыма домбыра ұстап келдім. Содан болар домбырамен айтылатын ұлттық әндер, дәстүрлі әндер, халық әндері менің жаныма өте жақын, ыстық. Ал эстрадаға келетін болсақ, оны танылу құралы ретінде қараймын. Тал бойымдағы әншілік қасиетті таныту үшін жарым, продюсерім Қыдырәлі мені эстрадаға алып келді. Өйткені осы жанр арқылы халыққа танылу өте оңай. Себебі домбырамен айтылатын терме, дәстүрлі әндерді екінің бірі тыңдай бермейтіні белгілі. Эстрадағы қадамым сәтті болды. Жұрт таныды. Өзімді әнші ретінде мойындата алдым. «Ешкім эстарда сенің теңің емес, домбыраңды құшақтап жүре бер» деп айтып көрген жоқ. Соған қарағанда көрерменнің, тыңдарманның көңілінен шыға білдім ғой деп ойлаймын. Қалай десек те, эстрадамен қосылып ән айту бүгінгі күннің талабы ғой. Бірақ қай жанрда ән айтпайын, осы қарға тамырлы қазағымның жақсы жағын көрсетсем, ұлтымның өнерін, тілін дамытуға атсалыссам деген ой тұрады. Сол мақсатта сахнада жүрмін деп айта аламын. Екі саланы да бөліп-жарып, «бірі жақсы, екіншісі нашар» деп айта алмаймын. Бұлар бір-бірін толықтырып отыратын дүние ғой. Қай жерде, қай қалада концерт бермейін, домбырамды ала жүремін. Өйткені дәстүрлі әндерді тыңдайтын жандар жоқ деп айта алмаймын. Меніңше, эстрада уақытша дүние. Өйткені мәңгілік жас болып қала алмайсың. Эстрада жастықты талап етеді. Ал жасың келген соң, сахнаның төрінде барабанның дүңкіліне қосылып шошаңдап жүру ерсі. Сол кезде домбырамен сахна төрінде дәстүрлі ән айтып тұру әлдеқайда жарасымды. Түбі домбырамен қалатыным белгілі.
- «Қарақат кәсіби білімі бар өнер адамы және сауатты, мәдениеті жоғары, тәрбиелі әнші» деп жатады. Расында, жұрт мақтағандайсыз ба?
- Ананың, әкенің һәм ауылдың тәрбиесін көріп өстік. Үлкенге құрмет, кішіге ізет етуді де сол ауылда жүргенде бойға сіңді. Ұяттың, ар-намыстың не екенін де бүлдіршін кезімізден білдік. Қазаққа ғана тән қасиеттерді қалыптастырдық. Жалпы, тәрбиелі отбасында өстім. Содан болар, осы уақытқа шейін «пәленшенің қызы анадай екен» деген секілді сөзге қалып көрген жоқпыз. Әке-шешемнің атына кір келтірмедім. 1991 жылы Алматыда дарынды балаларға арналған К.Байсейітова атындағы музыка мектебіне оқуға қабылданып, оны қызыл дипломға бітіріп, емтихансыз консерваторияның ән бөлімінде білімімді ұштадым. Аспирантурасын және оқыдым. Қысқасы, өнерге жолдан қосылған жоқпын. Бүгінде жұрт танитын әншіге айналдық. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген ғой, әрдайым сөйлеген сөзімнен, жүрген жүрісімнен, істеген ісімнен өзгелер үлгі алса екен деп ойлаймын.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп жатады емес пе, барды бар десе, несі айып!
- Сізді жұрт, тұрмысы жақсы, бай әншілердің қатарына жатқызады. Табыс көзі қайдан келеді?
- Құдайға шүкір, тойларға қарап күнін көріп жатқан әншілер емеспіз. Алланың берген ырыс-несібесі жеткілікті. Бізде қаражат және тұрмыс мәселесінде ешқандай проблема болған емес. Бәрін тек жарым Қыдыр табады. Асыраушымыз сол. Оған Алла амандығын берсін. Тойларға бармаймыз десем, өтірік айтқаным. Рас, бізді көргісі келіп, әнімізді тыңдағысы келіп шақыратындар бар. Бірақ біздің қаламақымыз жоғарылау. Соған келіссе, баруға болады. Бірақ ол біз үшін табыс көзі емес. Мәселен өзімнің мектебім және ұлттық қуыршақтар шығаратын «Балбала» компаниямыз бар.
- «Қарақат» мектеп-студиясының жұмысы қалай өркендеуде?
- Ол мектеп ашылғанына биыл төрт жыл толып отыр. Алғашында отыз шақты балаға арналған еді, қазір көбейе келе жеткіншектердің саны жүзге жетті. Мұндағы мақсат асфальтта өсіп келе жатқан, тілі орысша шыға бастаған балаларға халық әндерін үйретіп, ұлттық музыка аспаптарында ойнатып, өз ұлтымызға қарай бетін бұру, ана тілін үйрету еді. Құдайға шүкір, қазір алға қойған мақсатымыз орындала бастады деп айта аламын. Мәселен, 10 жылдық есеп беру концертімде сол шәкірттерім де сахнаға шықты. Ән салды, музыкалық аспаптарда ойнады. Көрермен ырза болды. Осыдан кейін-ақ мектепке деген сұраныс арта түсті. Әрине, оқу тегін емес, айына отыз мың төлейді. 6-7 жастан бастап аламыз. Арасында одан да төмен жастағылар бар. Ән-күйге үйретіп қана қоймаймыз, соның нәтижесін көрсету үшін жылына бірнеше концерт ұйымдастырамыз. Теледидар келіп түсіріп жатады. Жұрт көрсін, білсін. Қандай өнерлі толқын жетіліп келе жатқанын. Сайып келгендегі мақсатымыз, бойында Алла берген ерекше қасиеті бар, талапты, талантты балаларға бағыт-бағдар беріп, үлкен сахнаға шығуына жәрдем ету.
- «Балбала» деген қуыршақ шығарып жатырсыздар. Жалпы, өтімі көңілден шыға ма, сұраныс қалай болуда?
- Бұл бұрын болмаған бизнестің түрі болған соң, оның дамып, жұртқа танылып, сұранысқа ие болуы үшін біраз уақыт керек. Үлкен қаржы салынуы тиіс. Құдайға шүкір дейміз, қазір халық «Бал-бала» десе, оның не екенін біле бастады. Алпыстан аса дүкен бар, соны сататын. Компанияның болашағы зор деп ойлаймын. Неге десең, өз ана тілімізде сөйлейтін, музыка ойнайтын жалғыз қуыршақ. Бүлдіршін онымен ойнай отырып, ана тілінің қадір-қасиетін түсінеді, тіл сындырады, бірге ән салады дегендей. Жалпы, бұл идеологиялық тұрғыдан алып қарағанда, үлкен бір игі істің бастамасы деп түсінемін.
- Екеуіңіз де сахна төрінде жүрген өнер адамдарысыздар. Бастарыңыз бір қазанға сыя ма?
- Біздің арамызда түсіністік болмаса, бір-бірімізге сүйеу, қолдау болмаса, өнерімізді бағаламасақ, онда сахнада жүрмес едік. Міне, он жыл болды біз сахна төріндеміз. Демек ортамызда түсіністік бар. Оны біз іспен дәлелдеп отырмыз ғой деп ойлаймын. Ән де айтамыз, отбасын да ұмытпаймыз, бала тәрбиесіне де немқұрайды қарамаймыз. Мені үлкен сахнаға алып шығып, өнерімді танытқан, сол үшін бар қажыр-қайратын аямаған, қашанда сүйенішім, ақылшым болған жан жарым Қыдырәлінің алдында қарыздармын. Егер ол болмағанда менің бұлай жүруім мүмкін бе еді, қайдам? Мен оны оңашада да, үлкен сахна төрінде халық алдында да айтып жүремін. Қыдыр үлкен жүректі, парасатты азамат. Жақсы жар, жақсы әке. Бірге жүргеннен кем болып жатқан жоқпыз. Сахнада бірге ән айтқанымыз, өзге де жұптарға әсер етті ғой деп ойлаймын. Олар да ерлі-зайыпты болып сахнаға шығып әндерін айтып жүр. Бәлкім соларға бастау көзі болған Қыдыр екеуіміз болармыз.
- Қазір әнші көп. «Әу» дегеннің бәрі сахнаға шығып кетті емес пе?
- Мейлі көп болсын. Бұған қуанамын. Есің де ме, 90-жылдары өзіміздің әнші қаракөздерімізге зар болып қалғанымыз. Сахнамен теледидарды, радионы ұйғырлар, тәжіктер, кәрістер жаулап алды емес пе? Ал қазір жағдай түбірімен өзгерді. Қандай жанрда болмасын, қандай стильде айтпасын қазақтың әнін айтып, биін билеп жатқандарға қуану керек. Көп деп айтуға болмайды. Тіл-көзден сақтасын. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді емес пе?.. Келсін, айтсын, жүрсін. Солардың арасынан халық өзіне керегін алады, дарындысын таңдап тыңдайды. Көрерменнің көңілінен шыға алмағандар уақыт өткізбей-ақ сахнадан кетеді. Ол заңдылық.
- Сізді «Екі жұлдыз», «Саз әлемі» секілді шоуларға шақыра ма? Неге десеңіз сол байқауға түскендердің арасынан сізді көре алмадық.
- Талай мәрте шақыру болды. Бірақ неге екенін қайдам, түрлі себептер киіп кетеді де бара алмай қаламын. Бірде бөпелі болып жатамын, сондай-ақ басқа қалада, яғни Астанада тұрамын. Сондықтан болар бірде-бір рет шақырғандарына бара алмадым. Бәлкім алдағы уақытта қатысып қалуым мүмкін…
- Кімдермен араласасыз? Досыңыз кім?
- Досым да, араласатын жандар да көп. Бәрін тізіп шығу мүмкін емес. Кіммен болмасын, жақсы сыйласамын. Сәлеміміз түзу. Мен үшін ең ыстығы — ауылда бірге өскен, бір ауаны жұтып, май топырағын бірге кешіп өскен достар. Солармен кездескенде бір жасарып қаламын.

Сұхбаттасқан Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ, «Айқын».