Ермұрат Бапи банктердің ірі акционерлеріне дивиденттен салық салуды ұсынды

992
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстандағы ірі банктердің акционерлеріне салынатын салықты қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Орталық Азиядағы ең ірі қаржы ұйымдары Қазақстанда шоғырланған, ал олардың жалпы активтер көлемі 55 трлн теңгеге жеткен. Бұл сома елдің екі жылдық бюджетінен де асып түседі.

"Осы банктер өз қожайындарына, акционерлеріне жыл сайын миллиардтаған теңге дивидент төлейді. Ірі акционерлер 100 миллион теңгеден астам дивидент алады, бірақ бұл табысқа салық салынбайды. Сіздер, бәлкім, “екі рет салық салуға болмайды” дерсіздер. Алайда біздің елдің бюджеті негізінен әлеуметтік салаға бағытталған. Оның 53 пайызы әлеуметтік шығындарға кетеді, ал даму мақсатындағы шығындар 20 пайыздан аспайды. Сондықтан банктердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру үшін дивиденттерге салық салу қажет деп санаймын", – деді депутат мәжіліс отырысында.

Ермұрат Бапи өзінің ұсынысында дивидент көлеміне қарай салық мөлшерін саралауды ұсынды. Мысалы, 100 млн теңгеге дейін дивидент алатын акционерлерге – 10 пайыз, 1 млрд теңгеге дейін алатындарға – 15 пайыз көлемінде салық салу қажет екенін айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер