Нығматулиндердің үстінен түскен арыздар қаралып жатыр

831
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ерлан Нығматулин мен Нұржан Нұрлановқа рейдерлікке байланысты түскен арыздар қазіргі уақытта қаралып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Бас прокуратураға сілтеп.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында мәлімдеді.

"Нұрлан мен Ерлан Зайруллаұлына қатысты рейдерлікке байланысты арыздар түсті. Қазіргі кезде олар қаралуда. Қандай да бір нақты мәлімет беру ерте. Ал Арғын Нығматулинге келсек, ол – бюджеттік қаржыны жымқыру дерегі бойынша тергеліп жатқан істің фигуранты. Қарағанды облысына хоккей клубына бөлінген қаржыға байланысты тергеу жүріп жатыр. Ол халықаралық іздеуде. Орналасқан жері анықталған соң, экстрадиция мәселесі қаралады", – деді Қойгелдиев.

Арғын Нығматулин – мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы. 2024 жылдың соңында оған қатысты іс Бас прокуратураға берілген. Ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын бап бойынша айыпталып отыр. 2025 жылдың 6 наурызында Арғын Нығматулинг халықаралық іздеуге жарияланды. Алайда Интерполдың ашық базасында оның аты-жөні әзірге тіркелмеген.

Еске салсақ, Нигматулиндерге қатысты рейдерлік әрекеттерге байланысты айыптаулар бірнеше рет айтылған. 2024 жылдың наурызында франшиза иесі Наталья Овдейчук пен оның күйеуі Ерлан Нығматулинді бизнесін тартып алмақ болды деп айыптап, арыз түсірген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 сәуірінде Нұржан Нұрлановқа қатысты да рейдерлікке байланысты іс қозғалғаны хабарланды. Дегенмен, 9 сәуірде оның бұл іс бойынша күдікті ретінде танылмағаны белгілі болды. Мәжіліс депутаты бұл жағдайды құзырлы органдардың салғырттығымен байланыстырды.

Айта кетейік, наурыз айында Ермұрат Бапи Нығматулиндерге қатысты пікірін білдірген еді.

"Менің ойымша, Нығматулиннің осы уақытқа дейін елден бой тасалап жүруі - бекер емес. Ол неден қорқады? Неге ол елде емес? Неге шетелде жүр? Демек ол бір нәрседен қорқады. Демек ол бір нәрсе бүлдірді. Енді оны ақтап шығу мақсатында тапсырыстар түсіп жатыр", - деп жауап берген депутат ҚазТАГ тілшісінің сұрағына.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер