"От жаққан соң". Алматы облысында екі адам арасындағы жанжал атыспен аяқталды

690
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында табиғатты қорғау инспекторы мен ер адамның арасындағы жанжал атыспен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Видеода басына капюшон киген ер адам мен қолында мылтығы бар инспектор от жанында бір-бірімен дауласқаны көрінеді. Бір сәтте табиғатты қорғау инспекторы мылтығын оқтап, қарсыласының аяғына жақын қашықтықтан оқ атып жібереді. Зардап шеккен ер адам жерге құлап, аяғын ұстап, ауырсынған дауыспен айқайлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалдың туындауына себеп — от жаққан жағдай болған.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Қасақана орта дәрежедегі дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала деректерге сәйкес, жанжал екі тарап арасындағы бұрыннан келе жатқан араздықтың салдарынан туындаған", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер