"Өлім алқабы". Суға батып кеткен жол таңдамайтын көліктің бейнесі тарады

688
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

5 сәуірде Ақмола облысында су тасқынынан қара Toyota Land Cruiser көлігінің батып кеткені туралы видео желіге тарап, халықтың көңілін алаңдатты. Видеода көлік Астана – Атбасар – Қостанай жолының бойында толық су астында қалып, жол шетінде көрініп тұр, деп хабарлайд "Адырна" ұлттық порталы.

v_centre_sobytii инста парақшасында көліктің бейнесі тарады.

Астана – Атбасар – Қостанай жол учаскесі тұрғындар арасында «Өлім алқабы» деген атпен танымал. Себебі көптеген жол апаттары мен қайғылы оқиғалар осы жерден орын алған.

Желі қолданушылары жолдың қауіптілігін атап өтіп, осы жолдағы қайғылы оқиғалардың көптігін жазып жатыр.

«Бұл орын қателіктерді кешірмейді — қыста көліктер қар құрсауында қалады, көктемде су алып кетеді», «бұл жер қаншама адамның өмірін қиған...», - деп жазылған пікірлерде.

Көліктің ішіндегілердің үш адам болғаны белгілі. Полиция мен құтқарушылар екі жолаушыны аман алып шықты, алайда жүргізуші қайтыс болды. Оның денесі бірнеше күн бұрын түнде ғана табылған болатын.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 5 сәуір кешкісінен бастап бұл учаскеде су тасқыны салдарынан қозғалыс тоқтатылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер