“Таза Қазақстан”. Ортақ мүдде мен жаһандық жауапкершілік

731
Adyrna.kz Telegram

2025 жылдың 5 сәуірінде Алматы қаласында “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара өтті. Бұл бастама – экологияны қорғауға бағытталған ел көлеміндегі ауқымды қадамдардың бірі ғана емес, халықаралық деңгейде мойындалған қоғамдық қозғалысқа айналып келеді.

 Іс-шара “Байтақ” Жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен партия мүшелері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары ғана емес, көршілес елдерден де ресми делегациялар қатысты. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің Жасылдар партиясынан келген қонақтар бұл жиынның халықаралық маңызын арттырды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ресми өкілдерінің қатысуы шараның аясын кеңейтіп, бірлескен экологиялық жауапкершілікті көрсетіп отыр.

“Байтақ” Жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде: “Таза экология – бұл сән емес, бұл – ұлттың денсаулығы, болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз. Біз табиғатты сақтау арқылы ұлттық болмысымызды да қорғап отырмыз,” – деп атап өтті. Оның айтуынша, “Таза Қазақстан” қозғалысы – ел азаматтарының экологиялық сана-сезімінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

 2024 жылы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Мәселен, акцияға 6,2 миллион адам қатысып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе артқан. Сонымен қатар, 1,1 миллион тонна қалдық жиналып, 1,6 миллионнан астам ағаш отырғызылған. Бұған қоса, заңсыз 4,8 мың қоқыс алаңы анықталып, соның 91%-ы жойылды. Азаматтар экологиялық мәселелер бойынша 10,7 мыңнан астам өтініш қалдырған @TazaQazBot телеграм-боты іске қосылды, олардың 9,7 мыңы шешімін тапты.

 Іс-шара аясында ағаш отырғызу науқаны, ұлттық ойындар, қолөнер көрмесі, дөңгелек үстел форматында экологиялық пікірталастар ұйымдастырылды. Бұл – табиғатты қорғау мен ұлттық дәстүрді ұштастыру арқылы азаматтарды жауапкершілікке үндейтін ұтымды қадам.

“Таза Қазақстан” — ұлттың табиғатқа деген құрметін заманауи құралдармен жеткізудің, қоғамдық күш-жігерді біріктірудің жарқын үлгісі. Бұл қозғалыс еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың жасыл болашағын қалыптастыруға үлес қосып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер