Ұлытаудағы марганец кен орнын заңсыз қазған кәсіпкер 3,5 млрд теңге пайда тапқан

1167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8046-960x500.jpeg?token=aef86a47ed35b211833e15cc30830086

Ұлытау облысының тұрғыны темір-марганец рудасын Ресейге заңсыз сатып, 3 миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Бұл туралы бүгін, 7 сәуірде Қаржы мониторингі агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ болған күйде заңсыз өндірген. Нәтижесінде алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты. Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан»,—делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асқан.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Комментарии