Кривой Рогтағы трагедия. Қаза тапқандар саны 20-ға жетті

639
Adyrna.kz Telegram
Сурет: korrespondent.net
Сурет: korrespondent.net

4 сәуірде Ресей әскері Кривой Рог орталығындағы тұрғын үйлерге баллистикалық ракеталармен соққы жасаған болатын. Қазіргі таңда қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Бұл туралы Днепропетровск облыстық әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жарақат алған тағы бір адам ауруханада көз жұмды. 57 жастағы ер адамның өмірі үшін дәрігерлер барынша күресті. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады»,—деп жазды Лысак әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, 75 адам жараланған. Олардың арасында балалар да бар. Зардап шеккендердің ең кішісі — үш айлық сәби.

Бұған дейін Лысак қалада жиырмаға жуық көпқабатты тұрғын үй, отыздан астам автокөлік, оқу орындары мен қоғамдық тамақтану орындарының бүлінгенін жеткізген еді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский «Ресей атысты тоқтатқысы келмейді» деген мәлімдеме жасады.

«Ресей күн сайын соққы беріп жатыр. Оның салдарынан күн сайын адам өлімі тіркелуде. Ресей атысты тоқтатқысы келмейді, біз оны көріп отырмыз. Бүкіл әлем мұны бақылап отыр. Әр зымыран, әрбір шабуылдаушы пилотсыз ұшақ бұл елдің тек соғысты қалайтынын дәлелдейді»,—деді мемлекет басшысы.

6 сәуір күні Украинада шабуыл құрбандарын еске алу үшін аза тұту күні жарияланды.

Айта кетейік, Кривой Рог - Украинаның ірі өнеркәсіп орталығы. Бұл қалада бірнеше тау-кен өндіру, өңдеу және металлургия кәсіпорындары орналасқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер