Лос-Анджелесте кино саласының мамандары митингіге шықты

563
Adyrna.kz Telegram

Лос-Анджелесте киноиндустрия саласының жүздеген қызметкері, актерлер мен продюсерлер митингіге шықты. Олар Калифорния билігінен салықтық жеңілдіктерді көбейтіп, фильмдер мен телехикаялар түсіру үшін қолайлы жағдай жасауды талап етіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілердің айтуынша,  жобалардың басқа штаттарға кетуін тоқтатып, өндірісті Голливудқа кері қайтару керек.

«Голливуд ешқайда кетпейді» деп ойлау — қате түсінік. Қазіргі үрдісті тоқтатпасақ, Лос-Анджелестің Детройтқа айналу қаупі (2013 жылы қала әкімдігі өзін банкрот деп жариялады — ред.) бар»,—деді америкалық режиссер Сара Адина Смит.

Айтуынша, Голливуд — тек қызыл кілемде жүріп өтетін жұлдыздардың ғана емес, сондай-ақ қазір жұмысынан айырылып жатқан мыңдаған орта тап өкілінің мекені. Олардың қатарында әрлеушілер, жарықтандыру мамандары және тағы басқалары бар.

Ал 25 жыл бойы фильмдердің саундтрегін жазып жүрген музыкант Сонга Ли бір жыл ішінде өзі қатысқан жобалар санының 30-дан 10-ға дейін азайғанын мәлімдеді.

«Бұрын адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен тұрақты жұмысқа орналасу үшін Лос-Анджелеске келетін. Егер

мұнда жұмыс болмаса, ешкім келмейтін болады. Біз қазірдің өзінде талантты адамдарды жоғалта бастадық»,—деп түсіндірді өнер иесі.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюом кино және теледидар өндірісі үшін салықтық несие қорын жылына 330 миллион доллардан 750 миллион долларға дейін ұлғайтуды ұсынды. Наразылық білдірушілер бұл бастаманы қолдайтындарын,  алайда қаражатты ұлғайту керектігін атап өтті. Оардың пікірінше, билік те түсірілімге рұқсат алу процесін жеңілдетіп, студияларға қосымша ынталандырулар шараларын ұсынуы керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер