АҚШ шығысындағы жойқын дауылдан 16 адам қаза тапты

628
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде соққан жойқын дауылдар салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қатты жауған жаңбырлар кең көлемді су тасқындарын тудырған. АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) 6 сәуір күні тағы да қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Арканзастан Огайоға дейінгі аумақты қамтыған дауыл жүйесі соңғы күндері ғимараттарды қиратып, жолдарды су басуына әкеліп, ондаған торнадо тудырған.

Ең көп зардап шеккен — Теннесси штаты. Бұл штаттың батыс бөлігінде ғана 10 адам қаза тапқаны хабарланды.

Кентуккиде су тасқыны салдарынан екі адам, соның ішінде автобус аялдамасына бара жатқан 9 жасар бала қаза болды. Бұл туралы штат губернаторы Энди Бешир мәлімдеді.

"Айтарлықтай күшті және кең ауқымды кенеттен болатын су тасқындары күтілуде. Адам өмірі мен мүліктерге үлкен қауіп төніп тұр", – деп хабарлады АҚШ ұлттық метеорологиялық қызметі.

Жергілікті билік пен БАҚ мәліметіне сәйкес, тағы екі адамның өлімі Миссури мен Индиана штаттарында тіркелген.

6 сәуір таңындағы жағдай бойынша Арканзас пен Теннесси штаттарында 100 мыңнан астам адам электр қуатынсыз қалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер