Лотeрея ойнатқан блогерлерге айыппұл салынбақ

569
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереялар мен ұтыс ойындарын бақылауды күшейтуге қатысты депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, қазақстандық блогерлерге қазнетте ұтыс ойындарын өткізу заңсыз екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Одан бөлек, заңбұзушылықтарды анықтау үшін интернет кеңістігі тәулік бойы бақыланады.

«Жыл басынан бері мониторинг барысында 1870 интернет-алаяқтық фактісі анықталды.Оның ішінде 389 факті әлеуметтік желіде болса, 1480 ресурс пен сілтемеге кіруге шектеу қойылған. Онлайн-казино қызметі бойынша 8616 жағдай анықталды, оның 6399-ы әлеуметтік желілерде, 2195 интернет-ресурстар мен сілтемелерге шектеу қойылды. Заңға сәйкес, инфлюенсер (блогер) – белгісіз адамдар тобына арнап онлайн-платформада ақпарат жариялайтын және оны кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын адам. Қазақстан заңнамасы инфлюенсерлердің кәсіпкерлік қызметін реттейді және цифрлық ортадағы заңсыз лотереялар мен басқа да құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік белгілейді»,– деді шенеунік.

Ол заңсыз лоторея өткізгендерге 100-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, заңсыз табыс тәркіленетінін мәлімдеді. Жұманғарин қазіргі уақытта «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы ғана ресми лотерея операторы екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Пікірлер