Таразда тағы жер сілкінді

802
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Тараз жақта тағы жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:56-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласының шығысында 84 км қашықтықта тіркелген. Жер асты думпулері 8 км тереңдікте болған. Ал жер сілкінісінің қуаты 4,7 балды құраған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер тіркелмегенін хзабарлады.

«ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 28 наурызда Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта жер сілкінісі Жамбыл облысында тіркелді. Есептік қарқындылығы нақтылануда. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық,  бүгін түнгі 3:42-де жер сілкінді. Бұл жер сілкінісі Тараз, Шу қалаларының, Меркі, Құлан ауылдарының халқы сезді. Бұл өңірлерде жерасты думпулерінің магнитудасы 5 балға дейін жеткені айтылады.

Сондай-ақ, Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер