Астанадағы «Жасыл» арал Назарбаевтың меншігіне қайта оралды

640
Adyrna.kz Telegram
Getty Images
Getty Images

Астананың Есіл ауданындағы Есіл өзенінің ортасындағы «Жасыл» арал Нұрсұлтан Назарбаевтың меншігіне қайта оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл аумақ соңғы 20 жыл бойы Нұрсұлтан және Болат Назарбаевтарға тиесілі болған. 2007 жылы әкімдік жер телімін сол кездегі мемлекет басшысына сыйға берді, ал 2009 жылы ол аралдың бір бөлігін туған інісі Болатқа тапсырды.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің аралдағы үлесін ұлы Тауманға, ал Болат Назарбаев өз бөлігін балалары Нұрбол мен Құнғыздың атына рәсімдеді. Алайда, бүгінде бұл жер телімдерінің иелері өзгерген.

2010-жылдардың басынан бері арал аумағын полиция тәулік бойы күзетеді. Онда бақылау бекеттері орнатылған, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Аралға екі жол апарады: сол жағалаудағы жол күзетілсе, оң жағалаудағы жол тек арнайы адамдарға ғана қолжетімді. Аралдың басым бөлігін биік қоршау қоршап тұр, оның ішінде зәулім сарайлар, тікұшақ қонатын алаң және жеке шағын орман орналасқан. Қазіргі таңда арал әлі де қатаң күзетілуде, бірақ Назарбаевтар әулетінен кімнің ол жерде тұратыны белгісіз.

Аралдың Назарбаевтарға тиесілі емес бөлігі бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты болған. Алайда, жақында бұл жер телімінің иесі өзгерді. Кадастрлық картадағы деректерге сүйенсек, енді Нұрбол және Құндыз Назарбаевалардың жер телімдері «Smart Investment» ЖШС-не тиесілі. Бұл компанияны «Байтау» жеке даму қоры құрған, ал ол өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қорлар жүйесіне кіреді. Компанияның кеңсесі де экс-президенттің кеңсесі орналасқан ғимаратта – Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында орналасқан.

Осылайша, жер телімі қайтадан Нұрсұлтан Назарбаевтың меншігіне өтті.

Қазіргі таңда бүкіл арал Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның ұлына тиесілі. Кадастрлық картадағы мәліметтер бойынша, аралдың қалған бөлігі белгісіз жеке тұлғаға тиесілі. Бірақ оның Тауман Назарбаев болуы ықтимал.

Сондай-ақ, бұған дейін президент Іс басқармасына тиесілі болған аралдың шығыс бөлігінің кадастрлық деректері картадан алынып тасталған. Бұрын бұл бөлік картада арнайы кадастрлық нөмірмен көрсетіліп, оның иесі белгілі болса, қазір бұл телім мүлде тіркелмеген болып көрінеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер