Қазақстанның Ресей импортына тәуелділігі артты

634
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РИА Новости
Сурет: РИА Новости

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, еліміздің Ресейден импортқа тәуелділігі күшейе түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсіп, 27,8 млрд долларға жетті. Бұл негізінен импорттың 8%-ға артуы есебінен болды, ал Қазақстаннан Ресейге экспорт 6%-ға төмендеді. Импорттың өсуі мен экспорттың қысқаруы арасындағы құрылымдық теңгерімсіздік қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және Ресей импортына тәуелділіктің артуына алып келуі мүмкін», – делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.

2024 жылы Ресейдің Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 20%-ға дейін ұлғайды (2023 жылы – 19%). Импорттағы үлесі 28%-дан 31%-ға дейін артса, экспорттағы үлесі 13%-дан 12%-ға төмендеген.

Қазақстаннан Ресейге экспортталатын химия өнімдерінің (+189 млн доллар) және металдардың (+47 млн доллар) үлесі артқанымен, машина жасау (-629 млн доллар) және минералдық өнімдер (-370 млн доллар) көлемі қысқарған. Бұл Ресей тарапынан қазақстандық шикізаттық тауарларға сұраныстың өскенін көрсетеді.

2024 жылы Қазақстанға Ресейден тоқыма бұйымдары (+364 млн доллар), бағалы металдар (+390 млн доллар) және химия өнімдері (+334 млн доллар) көптеп әкелінген. Сонымен қатар, азық-түлік (+129 млн доллар), азық-түлікке жатпайтын тауарлар (+505 млн доллар) және өндірістік тауарлар (+929 млн доллар) импорты да артқан.

Ресеймен саудадағы теріс баланс 2023 жылы 6,6 млрд доллар болса, 2024 жылы 8,7 млрд долларға дейін ұлғайған. Бұл Қазақстанның төлем балансына қосымша қысым түсірген.

Сауда көлемінің артуына байланысты рубльдің төлем жүйесіндегі үлесі өсті. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында экспорт бойынша төлемдердің 77%-ы, ал импорт бойынша 96%-ы рубльмен жүргізілген.

ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, Ресейден импорттың көбеюі Қазақстанның ішкі өндірісінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Кейбір импорттық тауарларды (автокөлік бөлшектері, мұнай өнімдері, киім, дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері) жергілікті өндіріс арқылы алмастыру үшін мемлекеттік бағдарламалар қажет.

Сарапшылардың пікірінше, Ресейден импорттың артуы теңге мен рубльдің өзара байланысын күшейтіп, инфляция мен валюта нарығына қысым жасайды. Егер сауда теңгерімін реттеу шаралары қабылданбаса, бұл үрдіс жалғасуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер