Көмекке жүгінген жоқ. СІМ Түркиядағы жағдай туралы мәлімдеді

571
Adyrna.kz Telegram
фото:  GOV.kz
фото: GOV.kz

ҚР СІМ ақпараты бойынша, Түркияда жүрген қазақстандықтар әзірге консулдық көмекке жүгінген жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Мәжілісте өткен брифингте қазақстандықтарға Түркияға сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Рахметуллиннің айтуынша, ҚР СІМ және Қазақстанның Түркиядағы ірі қалалардағы бас консулдықтары азаматтармен белсенді жұмыс істеп, олардың жаппай жиналатын жерлер мен наразылық акцияларына бармауын қамтамасыз етуге тырысуда.

"Әрине, сақтық шаралары қажет. Бірақ дәл қазір мүлде баруға болмайды деп айта алмаймын. Егер, министрлік атынан емес, өзім туралы айтсам, мен күтер едім", – деді шенеунік.

Журналистердің қазіргі уақытта Ыстамбұлға бару мүмкіндігі туралы сұрағына Рахметуллин  "қажетсіз" деп жауап берді.

Министрлік мәліметінше, Түркияда жүрген қазақстандықтар әзірге консулдық көмек сұрамаған.

Еске сала кетейік, 19 наурыз күні Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна сыбайлас жемқорлық айыбы тағылып, ол қызметінен шеттетілді. Осыдан кейін жаппай наразылық шерулері басталды. Бес күн ішінде 1133 адам ұсталып, 123 полиция қызметкері жарақат алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер