Қазақстандық парадзюдошылар Әлем кубогінде топ жарды

589
Adyrna.kz Telegram

Тбилисиде өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогінде Қазақстан спортшылары жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әйелдер арасындағы J2 -52 кг салмақ дәрежесінде белдескен Ақмарал Науатбек жарыс чемпионы атанды. Ол финалда Германия спортшысы Изобель Тайды ауырту әдісі арқылы жеңіп, алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, бұл – Ақмарал Науатбектің 2024 жылғы Париж паралимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы. Ол Олимпиада чемпиондарына ғана арналған алтын жазулы кимонода күресіп, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Еске сала кетейік, Ақмарал Науатбек – 2024 жылғы Париж паралимпиадасының чемпионы. Осы жеңісінен кейін ол «Дарын» жастар сыйлығы мен «Халық сүйіктісі» арнайы сыйлығына ие болған еді.

Бұдан бөлек, J1 -52 кг санаты бойынша сынға түскен 18 жастағы Альфия Тілекқабыл да алтыннан алқа тақты. Финалда бейтарап ту астында белдескен Виктория Потапованы жеңген жас спортшы финалға жету жолында екі бірдей Паралимпиада жүлдегерін жарыстан шығарды.

Ерлер арасында Қазақстан намысын қорғаған Ғалымжан Смағұлұлы (J2 -82 кг) финалда латвиялық қарсыласына жол беріп, күміс медальға ие болды.

Пікірлер