Ғұламаның ғасыры. Аңызға айналған Бөкетов

473
Adyrna.kz Telegram

Бүгін көрнекті ғалым, жазушы, аудармашы және қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 100 жыл толды.

Ол – қазақ ғылымының дамуына, әдебиетіне және білім саласына өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға.

Евней Бөкетов – химия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. Оның зерттеулері металлургия саласына тың жаңалықтар әкелді.

Ол басқарған ұжым бес бірдей авторлық куәлікке ие болып, Канада, АҚШ, Аустралия, Швеция, Франция, Германия, Жапония, Италия тәрізді елдер патент тапсырған. Осы институтта түрлі түсті, сирек және бытыраңкы металдар зертханасын ашады. Бұл Қазақстан ғылымы үшін күтпеген жаңалық еді. Өзі басқарған осы зертханада молибден, вольфрам, селен және теллур бойынша зерттеулер жүргізген.

Ол 100-ден астам ғылыми еңбек жазып, өнертабыстарымен өндірістің дамуына үлес қосты.

Бөкетов – Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына үлес қосқан бірегей тұлға. Ол 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің негізін қалап, алғашқы ректоры болды. Қазіргі таңда бұл оқу орны ғалымның есімімен аталады.

Әдебиет саласында Евней Бөкетов Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын талдап, бірсыпыра туындылар жазған сарабдал сыншы. Сондай-ақ, Сергей Есениннің "Анна Онегина" поэмасын, Владимир Маяковскийдің өлеңдерін ана тілімізде сөйлеткен тамаша аудармашы.

Пікірлер