Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға қатысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Haberler басылымының мәліметінше, мемлекет басшысы 21 наурызда Халич конгресс орталығында жиналған азаматтарды мерекелерімен құттықтаған.
«21 наурызды көктем мен бауырластық мерекесі деп жариялауды ұсынамын. Мен президент ретінде бұл ұсынысты парламентке ұсынуға дайынмын. Мамыр айында Венгрияда өтетін саммитте Наурыз мерекесін түркі әлеміне ортақ мереке ретінде атап өту бастамасын көтереміз. Бауырлас елдер бұл ұсынысты мақұлдап, Наурыз бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтуға қызмет ететін түркі әлемінің ортақ мерекесіне айналады деп үміттенеміз»,—деді ол мерекелік шарада сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ президент мерекелік Наурыз отын жағып, оның үстінен секіріп өтті. Рәсім барысында қазақ композиторы Талғат Сарыбаевтың Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз-думан» әні шырқалды