Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсіп қалды

947
Adyrna.kz Telegram

Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан. 21 наурызда ол жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Нұрлан Санжар журналистерге берген сұқбатында өзінің қиын жағдайда екенін жеткізді. Айтуынша, ұлы мүгедек, ал жұбайы ауыр ота жасатқан.

«Менің дәрігерім бұл мәселені зерттеп жатыр. Иә, енді ашық айтуға болады. Басты мақсатым – әйелім мен ұлым үшін тірі қалу. Жағдай өте ауыр. Созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші сатысында өмір сүру ұзақтығы орта есеппен алғанда жарты жылдан бір жылға дейін ғана. Маған қоғам мен биліктің көмегі ауадай қажет», — деді ол.

Жазушы ауруын жеңілдетіп, өмірін ұзартуға көмектесетін екі жол бар екенін жеткізді. Бірі – дің жасушаларын трансплантациялау, бірақ бұл бірнеше жылды қажет етеді. Оның үстіне, кейін қатерлі ісік қайта пайда болу қаупі жоғары. Екіншісі – Астанада трансплантация жасау, бірақ ол үшін қанша уақыт күту керектігі белгісіз. Донор табылмай қалса, бұл да өмірге қауіп төндіреді.

Айта кетейік, Нұрлан Санжар – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» романдарының авторы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер