Түркіменстанда Қадір түніне орай сотталғандарға рақымшылық жасалды

341
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов Қадір түніне орай сотталғандарға рақымшылық жасау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Turkmenportal-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 21 наурызда министрлер кабинетінің цифрлық форматтағы кезекті отырысын өткізіп, әртүрлі өзекті мәселелерді қарастырды.

Отырыс барысында Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Түркіменстан президенті жанындағы азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау комиссиясының төрағасы Б.Гундогдыев қасиетті Қадір түніне орай сотталушыларға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қортындысы туралы баяндама жасады. Баяндаманы тыңдаған президент жылдағы дәстүр бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан елдің 321 азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, былтыр Түркіменстанда Қадір түнінің құрметіне 356 азаматқа амнистия жарияланған еді.

Пікірлер