Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған қырғыз әншісіне айыппұл салынды

282
Adyrna.kz Telegram

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісі Қайрат Примбердиев қамаудан шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өнер иесі Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының шешімі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 330-бабы, 1-бөлімі бойынша кәнілі деп танылған.

«Қазақ елінен өз атымнан Кенесары басы үшін кешірім сұраймын деген сөздерім қоғамда қызу талқыға түсіп, кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шақырған еді. Нәтижесінде 330-бап, елдер арасында қастықты қоздыру деген айып аясында сот өтті. Үкім күшіне енді. 100 мың сом (580 мың теңге — ред.) қырғыз мемлекеті бюджетіне төлейтін болдым», – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақпан айында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қайрат Примбердиевті қамауға алған болатын. Сондай-ақ оған елден шығуға тыйым салынды.

Қырғызстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Дегенмен, сот әншіге айыппұл салумен шектелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер