14:01 - Нағыз Наурыздың басталу сағаты. 20 наурызда күн мен түн теңелді

540
Adyrna.kz Telegram
Фото: YouTube
Фото: YouTube

Биыл астрономиялық есеп бойынша күн мен түн 20 наурызда теңелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

2025 жылы көктемгі күн теңесуі 20 наурыз күні Астана уақытымен 14:01-де (09:01 GMT) өтеді. Бұл - астрономиялық көктемнің басталуы сәті.

Көптеген халықтар бұл күнді ерекше деп санаған.

Бұл құбылыс жылына екі рет – наурыз және қыркүйек айларында орын алады. Көктемгі күн мен түннің теңелуі мереке ретінде аталады. Күн күнтізбесін қолданатын елдерде астрономиялық есеп бойынша Наурыз мерекесін тойлауды бүгіннен басталады.

Аспан денелерінің жүрісі бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі  биыл 20 наурызға сәйкес келді. Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысқанда көктемгі күн мен түн теңеледі. Күн мен түннің теңелу мерзімі әр жылы өзгеріп тұрады. Әдетте, әр жылдары 19 наурыз бен 22 наурыз арасында ауысып келеді.

Айта кетейік, былтырғы көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты 20 наурыз күні сағат 8-ден 6 минут кеткен уақытқа сәйкес келген. 

Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде 22 наурызды Наурыз мерекесі, Ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтті. Кейіннен бұл мерекені наурыздың 21-інен бастап тойлайтын болды.

Пікірлер