Бүгін күн мен түн теңелді. Астрономиялық жаңа жыл басталды

1893
Adyrna.kz Telegram

Бүгін күн мен түн теңеліп,  астрономиялық жаңа жыл басталды, деп хабарлайды "Адырна".

Іс барысында бұл Наурыздың басталуы болып табылады. Күн күнтізбесін қолданатын Иран сияқты елдерде астрономиялық есеп бойынша Наурыз мерекесін тойлауды бүгіннен бастап кетті.

Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Аспан денелерінің жүрісі бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі  биыл 20 наурызға сәйкес келді. Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысқанда көктемгі күн мен түн теңеледі.

Күн мен түннің теңелу мерзімі әр жылы өзгеріп тұрады. Әдетте, әр жылдары 19 наурыз бен 22 наурыз арасында ауысып келеді.

Биылғы күн мен түннің теңелу уақыты 20 наурыз күні Астана уақытымен таңғы сағат 8-ден 6 минут уақытқа сәйкес келді. Яғни, осы сәтте Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысты.

Қазақстан Тәуелсіздік алған кезде 22 наурызды Наурыз мерекесі, Ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтті. Кейіннен бұл мерекені наурыздың 21-інен бастап тойлайтын болды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер