17 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиееваның идеясы бойынша жасалған «Лазги. Жан мен махаббат биі» балетінің премьерасы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Бұған дейін Қазақстанға келген сапарымызда «Лазги. Жан мен махаббат биі» балетінің осы бауырлас елде қойылуын тілеген едік. Тілегіміз орындалды. 17 наурызда Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында балеттің премьерасы өтті», — деді Саида Мирзиёева.
Мұндай мәдени шаралар біздің өнеріміздің сұлулығын ашып қана қоймай, бауырлас халықтар арасындағы достық пен бауырластықты нығайтып, өзара қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
«Президентіміз белгілеген көршімен тату дәстүрін ұстана отырып, біз Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық, саяси және мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыламыз. Біз ел арасындағы келісім мен бірлік бұл аймақты ынтымақтың қуатты орталығына айналдыра алатынына нық сенеміз», - деп жазды Саида Мирзиёева өзінің Telegram-арнасында.