62 мың теңге. Ақтөбе облысында пошта қызметкерлері жалақының төмендігіне шағымданды

348
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында пошта қызметкерлері жалақының аздығына наразылық білдіруде. Айтуларынша, қазіргі қымбатшылық жағдайында 62 мың теңге жалақы күнкөріске жетпейді. Оның үстіне, жұмыс көлемі ауыр, ал төленетін еңбекақы лайықты деңгейде емес, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде аймақта 600-ден астам пошташы жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі келісімшарт арқылы еңбектенуде. Пошта қызметкерлерінің айтуынша, бір хатты жеткізу құны 85 теңге, ал газет тасымалдау ақысы – 12 теңге ғана. Мұндай төмен баға жұмысшылардың табысын тым мардымсыз етіп отыр.

“Мен келісімшарт негізінде жұмыс істеймін. Жалақым тасымалдаған газет пен хат санына қарай есептеледі. Нәтижесінде, күніне орта есеппен 2 мың теңге ғана табуым мүмкін. Бұл өте аз. Қазіргі қымбатшылық жағдайында ай сайын 62 мың теңге табыс табу қиын. Оның жартысы жалға алынған пәтерге кетеді”, – дейді пошташы Гүлзира Жұмалина.

Пошташылардың тағы бір бөлігі келісімшартсыз жұмыс істейді. Бұл жағдайда әр тасымалданған хат пен газет үшін жеке ақы төленеді. Бірақ, жұмыс қиын болғанымен, берілетін төлем еңбекті ақтамайды.

“Мысалы, мен 5-участкеде тұрсам, бірақ жеткізу керек хат 99-участкеге жіберілуі мүмкін. Бұл – ұзақ қашықтық. Кейде мекенжайға барғанымызда, иелері көшіп кеткен немесе хатты алудан бас тартқан болып шығады. Мұндай жағдайда біз хатты қайта алып келеміз, бірақ тек жеткізілген хаттарға ғана ақша төленеді. Келісімшарт негізіндегі айлығым 58-62 мың теңгеден аспайды”, – дейді пошта қызметкері Людмила Кубаева.

Алайда “Қазпочта” басшылығы 62 мың теңге көлемінде жалақы төленбейтінін алға тартты. Филиал директоры Динара Хасанғалиева жалақы мөлшері орындалған жұмыс көлеміне байланысты екенін түсіндірді.

“Бізде 65 мың теңге көлеміндегі тұрақты жалақы жоқ. Барлығы орындалған жұмысқа байланысты. Қанша газет, хат, журнал тасымалдағанына қарай төленеді. Мәселен, кейбір қызметкерлер 150-180 мың теңгеге дейін табыс табады. Бұл жұмыс көлеміне тікелей байланысты”, – деді ол.

“Қазпочта” басқарма төрайымы Әсел Жанасова да қызметкерлер жалақысының төмен екенін мойындап, олардың көбінің қосымша жұмыстары бар екенін айтты.

“Менің айлығым – 1 миллион 200 мың теңге. Бізде толық емес жұмыс күнімен істейтін қызметкерлер бар. Кейбірі басқа жерде тіркелмей жұмыс істеп, тек қосымша табыс үшін бізге келеді. Әрине, олардың табысы аз болып көрінеді. Бірақ олардың екі-үш жұмысы бар”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін “Қазпочтада” 273 миллион теңгеден астам қаржы жымқыру, алаяқтық, ұрлық және пара алу фактілері анықталған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер