Семейде абайтанушы Бекен Исабайұлының 95 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

398
Adyrna.kz Telegram
Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Семей қаласындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында белгілі абайтанушы, ұстаз, музей ардагері Бекен Исабайұлының 95 жылдығына арналған «Абайтанудың абызы» атты еске алу кеші және көрме ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Абай музейінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Іс-шараны Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев ашып, абайтанушының еңбегіне тоқталды. Сонымен қатар, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады.

Кеш барысында Абай ауданының Қоғамдық кеңес төрағасы Т.Аманғазин, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Кәрімов, «Ән ата» қоғамдық қорының директоры, суретші Қ.Ибраев, белгілі журналист, «Анық Абай» фильмінің авторы Қ.Аманжол, сондай-ақ әдебиет сыншысы Б.Тұрсынбайұлы, Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің меңгерушісі, ғалымның ұрпағы Ш.Исабаев естеліктерімен бөлісті.

Кеш барысында М.Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері Бекен Исабайұлының шығармаларынан әдеби композиция ұсынды. Сонымен қатар, өнерпаздар Абайдың «Көк тұман – алдыңдағы келер заман», «Сегіз аяқ», «Ақылбайдың әні», сондай-ақ Б.Исабайұлының сөзіне жазылған «Шыңғыстауға наз» әндерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Еске алу кешінің соңында музей ардагеріне арналған көрменің экспозициясы таныстырылды. Көрмеде ғалымның түпнұсқа қолжазбалары, естеліктері, жеке заттары, домбырасы, шапаны, тақиясы, сондай-ақ әр жылдары жарық көрген еңбектері мен фотосуреттері қойылды.

Кеш соңында Бекен Исабайұлының отбасы журналист Қ.Аманжолға домбыра сыйға тартты.

Көрмені семейліктер мен қала қонақтары бір ай бойы тамашалай алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер