“Тамақсыз, төсексіз отыр”. Қазақстандық қыз Камбоджада құлдыққа түскен

2102
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Камбоджаға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық ару құлдыққа түсіп, кейін полиция оны қамауға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздың құрбысы Ханшайым Сагадатова әлеуметтік желіде үндеу жасап, оның өміріне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, жәбірленуші қытайлық компанияда жұмыс істеуге келісіп, желтоқсанда Камбоджаға барған. Алғашында компания барлық шарттарды орындағанымен, кейіннен қосымша жұмыс жүктеп, төлқұжатын тартып алған. Қыз қарсылық білдірген кезде, оған қысым көрсетіліп, соққыға жыққан.

Куәгерлердің бірі полиция шақырғанымен, құқық қорғау органдары қазақстандық аруға көмектесудің орнына оны қамауға алды. Қазір ол адам төзгісіз жағдайда – тамақсыз, төсексіз, қоймада отыр.

Құрбысының айтуынша, қазақстандық дипломаттар бұл мәселеге немқұрайлы қарап отыр. Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі (Камбоджаға да жауапты) елдің сыртқы істер министрлігіне хат жолдаған, бірақ жауапты бір ай күту қажет екенін мәлімдеді.

“Бүгін консулмен сөйлестім, оның аты – Әлімжан. Ол маған телефон шалғаным үшін айқайлап тастады. Мен кешірім сұрадым, бірақ ол басқа қазақстандықтар туралы айтып, олардың қылмысқа қатысы бар екенін жеткізді. Мен құрбымның мүлдем басқа жағдайға тап болғанын түсіндірдім. Консул мені тыңдағысы келмей, айқайлап, телефонды өшіріп тастады”, – деп ашуланды Ханшайым.

Консул Әлімжан Өмірзақовпен мәселе бойынша ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінуге кеңес берді. Бірақ консул қазақстандық қыздың кеше елшілікке өтініш жасағанын, ал дипломаттар қазір осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Жәбірленушінің туыстары Қазақстан билігінен шұғыл араласуды сұрап отыр.

Пікірлер