Душанбеден жеткен алғашқы рейсті Бішкек судан шашу шашып, қарсы алды

910
Adyrna.kz Telegram

Душанбеден келген алғашқы рейсті Бішкек құтты қадам тілеп, судан шашу шашып қарсы алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кеше, 13 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациясы мен демаркациясы туралы келісімге қол қойған еді.

Ал бүгін Бішкекке Душанбеден алғашқы ұшақ ұшып келді. Қырғызстан оған құтты қадам тілеп, судан шашу шашып, қарсы алды.

Ресми мәліметке сәйкес, мемлекет басшылары шекара қызметінің басшыларына екі ел арасындағы шекара бекеттерін қайта ашуға рұқсат берді. Осылайша, «Қайрагач» (Лейлек ауданы) және «Қызыл-Бель» (Баткен ауданы) өткізу бекеттері қайта жұмыс істей бастайды. Аталған бекеттер төрт жылға жуық уақыт жабық болған еді.

Бұған дейін, 21 ақпанда Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегациялары шекара мәселесіне қатысты қорытынды хаттамаға қол қойған болатын. Ал 27 ақпанда Қырғызстан парламентінің бірнеше комитеті келісімді мақұлдады.

Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара ұзындығы 972 км. Алайда, Баткен облысындағы шекара сызығының белгісіздігі екі ел арасында қайшылықтар туғызған. Соңғы ірі қақтығыс 2022 жылдың 14-17 қыркүйегі аралығында орын алып, екі тараптан жүзден астам адам қаза тапқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Пікірлер