Кремль АҚШ пен Украинаның келіссөз ұсыныстарын қарастырып жатыр

293
Adyrna.kz Telegram
Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru

12 наурыз күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ пен Украинаның Джиддадағы келіссөздерінде ұсынылған бастамалар Мәскеуде зерттеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Ресей тарапы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекші Майк Уолтцтың алдағы күндері Мәскеуге келіссөздер туралы ақпарат беруін күтеді. Сонымен қатар, Песков Ресей мен АҚШ арасында жоғары деңгейдегі телефон арқылы келіссөздер болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ресей Федерация кеңесі соғысты аяқтауға қатысты кез келген келісім АҚШ емес, Ресей талаптарына сай жасалуы керек деп мәлімдеді. Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачевтің айтуынша, Украина АҚШ айтқан ұсыныстарды қабылдап, олармен келісуге мәжбүр. Ол Ресейдің жағдайы басқаша екенін және келіссөздердің негізгі шарттары майдан даласында анықталатынын атап өтті.

Reuters агенттігінің Ресейдегі дереккөздеріне сүйенсек, президент Владимир Путин АҚШ ұсынған 30 күндік атысты тоқтату бастамасын нақты кепілдіктерсіз қабылдауы екіталай. Ресейлік сарапшылардың пікірінше, соғыстағы қазіргі жағдай Ресей үшін тиімді, ал бітім ұсынысы қақпан болуы мүмкін.

Украина президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак 30 күндік уақытша бітім мәселесі 17-23 наурыз аралығында талқылануы мүмкін екенін хабарлады. Оның айтуынша, техникалық сарапшылар деңгейінде келіссөздердің егжей-тегжейі пысықталады.

Ермак АҚШ-тың Ресеймен Джиддадағы келіссөздер негізінде ұсыныстарды талқылауы қажет екенін айтты. "Кілт Ресей тарапының қолында. Енді бүкіл әлем кімнің бейбітшілікті қалайтынын, ал кімнің тек сөз жүзінде айтып жүргенін көреді", – деді Ермак.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер