Алматыдағы атышулы оқиға. Жалғызбасты науқастар өліміне айыпталғандар сотталды

967
Adyrna.kz Telegram
Фото: maps.yandex.kz
Фото: maps.yandex.kz

Алматыда психикалық сауықтыру орталығының жалғызбасты науқастарын ұрлап, өлтіріп, олардың пәтерлерін заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Орда.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот процесі 7 айға созылып, 37 қылмыстық эпизод қаралды. Тергеу барысында 22 айыпталушының екі кісі өлтіру, психикалық науқастарды ұрлау, олардың пәтерлерін заңсыз өзге адамдарға рәсімдеу және арзан бағаға сату әрекеттеріне қатысы бары дәлелденді.

Сот үкімі бойынша айыпталушылар 3 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тергеу анықтағандай, қылмыстық топ психикалық науқастар туралы мәліметтерді Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері бөлім меңгерушілері  арқылы алған. Олар науқастардың жеке деректері мен пәтер кілттерін қылмыстық топ мүшелеріне беріп отырған.

Адвокаттар мен жәбірленушілер сот шешімімен келісетіндерін мәлімдеді. Айыпталушылардың кейбірі өз кінәсін мойындаған жоқ, сот үкіміне шағым түсіруі мүмкін. Қазір тергеу органдары осы іске қатысты тағы екі кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер