10 наурызда Сирияның жаңа билігі Сирия демократиялық күштері мен (SDF) Күрд автономиялық әкімшілігінің азаматтық және әскери мекемелерін Сирия үкіметіне біріктіру туралы келісімге келгенін жариялады. Келісімде Сирияның солтүстік-шығысындағы нақты объектілер, соның ішінде шекаралық посттар, әуежай және мұнай мен газ кен орындары көрсетілген. Келісім 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы AFP агенттігіне сілтеп.
2024 жылы желтоқсанда Башар Асад режимі құлатылғаннан кейін Ахмед аш-Шараа бастаған Сирияның жаңа билігі Сирияда әрекет ететін қарулы топтарды таратып, елдің бүкіл аумағында бақылау орнатуға тырысуда.
SDF-пен келісімге қол қою Сирияның батысындағы жағалау аймағында орын алған қарулы қақтығыстар мен жаппай сотсыз жазалаулар кезінде орын алды. Бұл аймақта негізінен Сирияның биліктен қуылған диктаторы Асад кіретін қауымдастықтың өкілдері тұрады.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, Сирияның жағалаудағы Латакия және Тартус провинцияларының қалаларында, ауылдарында және тауларында «қауіпсіздікті қалпына келтіру» операциясының төрт күнінде «Асад жасақтарының қалдықтары мен оларды қолдайтындарға қарсы бағытталған» 1500-ге жуық адам қаза тапты, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар.
Сирия президентінің міндетін атқарушы Ахмед аш-Шараа операцияның аяқталуына түсініктеме бере отырып, Асадты қолдайтын топтарды соғыс қимылдарының бастамашысы деп атады, сонымен бірге олардың арасында оның жақтастары болса да, бейбіт тұрғындарды қырып-жоюға жауаптыларды жазалауға уәде берді.