Ескертуді елемей қар көшіргендер. Үш шаңғышының кім екені анықталды

1626
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Шымбұлақта тау шаңғысы курортындағы қар көшкінінің не себепті болғаны белгілі болды. Бұл туралы Шымбұлақ әкімшілігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының баспасөз қызметінің мәліметінше, түскен қар массасының көлемі 95 текше метр.

“Үш шаңғышы ескерту белгілерін елемей, қоршауды бұзып өтіп, тыйым салынған аймаққа шығып кеткен. Салдарынан қар көшкіні жүрді. Қазір олар табылып, кім екені анықталды”, – делінген хабарламада.

Шаңғы курортының әкімшілігі оқиғаның хронологиясын жасады:

  • 10 наурыз күні таңғы 9:17-де қар жамылғысы тексергеннен кейін Комби 2 аспалы жолы ашылды. Жолдан тыс аумақтар тормен және «Қар көшкіні қаупі», «Жабық», «Кіруге болмайды» деген белгілермен қоршалған.
  •  09:58 - де Школьник тауында, Комби-2 аспалы жолы маңында қар көшкіні болды.
  •  10:02-де құтқару қызметі дереу оқиға орнына барып, көшкін аймағын тексерді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар анықталған жоқ.

Айта кетсек,  Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті көшкінен ешкім зардап шекпегенін жеткізген болатын.

Сондай-ақ Алматы облысында өздігінен қар көшкіні жүрді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер