Абай облысы Үржар ауданы қалың қар астында қалды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде видеоларын жариялап жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Үш күннің ішінде жауған қар қалындығы таулы аймақтарда бір метрден асқан. Ал жазық жерлерде 50-60 см дейін қар түскен. Қалың қардан ағаштар сынып, электр желілері үзілген.
«Қазіргі таңда 35 елді мекенде 87 арнайы техника жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Үржар ауылының өзінде 118 көшенің 70 пайызы тазаланды. бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандардың тазалығы қамтамасыз етілді. Жетінші наурызда 5 елді мекенде электр қуаты сөнген болатын. Қазіргі таңда толығымен іске қосылды. Барлық жағдай менің тікелей бақылауымда. Осыған қатысты аудан тұрғындарына түсіністік танытуларыңызды сұраймын»,—деп түсіндірді аудан әкімі Ақылбек Бәшімбаев.
Айта кетейік, құтқарушылар өткен тәуілікте жолда қалған 318 адамды эвакуациялаған болатын.
View this post on Instagram
<