АҚШ ақыры USAID бағдарламаларының 83 пайызын тоқтататын болды

688
Adyrna.kz Telegram

АҚШ ресми түрде USAID бағдарламаларының 83 пайызын тоқтатады. Бұл туралы бүгін, 10 наурызда мемлекеттік хатшы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, құны ондаған миллиард долларды құрайтын 5200 келісімшарттың күші жойылған.

«Олар Америка Құрама Штаттарының негізгі ұлттық мүдделеріне қызмет етпеді және кейбір жағдайда өз зиянын да тигізді»,— деді Рубио.

Мемлекеттік хатшы Конгреспен жүргізілген консультациялардан кейін қалған шамамен 1000 бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің тікелей басқаруына өтетінін атап өтті.

Еске салайық, ақпан айының соңында Дональд Трамп әкімшілігі USAID агенттігінің келісімшарттарының 90%-дан астамын жоюды жоспарлап отырғанын жеткізген еді. 

«Бұл агенттікке бір топ радикал басшылық етеді. Біз оларды жұмыстан босатамыз, содан кейін шешім қабылдаймыз»,— деген болатын АҚШ президенті.

Ал Илон Маск басқаратын DOGE ұйымы USAID қаржысы негізсіз жаратылған деп шешті.

USAID —азаматтық сыртқы көмек пен даму саласындағы ынтымақтастықты басқаруға жауапты халықаралық даму агенттігі. Оның жылдық бюджеті 42,8 миллиард долларды құрайды. Агенттік 100-ден астам елде, оның ішінде Қазақстанда да жұмыс істейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер