Түркістанда экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

1033
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/03/img_6853.jpeg

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады. Бұл туралы бүгін, 10 наурызда ІІМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан»,—делінген хабарламада.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда»,—деп атап өтті министрлік.

Комментарии