Әуежайдағы шабуыл. Күдікті екі айға қамауға алынды

1284
Adyrna.kz Telegram

Алматы әуежайында пышақпен әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан ер адамға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға бойынша "Кепілге алу", "Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" және "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату" баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынды.

ІІМ басшысы Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі қайта тексерілуде.

Арнайы топ осал тұстарды анықтап, бақылауды күшейту, жедел әрекет ету алгоритмін жетілдіру және қауіпсіздік қызметкерлерін оқыту бойынша шаралар қабылдауда.

Ведомство бұл жағдайдың толық бақылауда екенін және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер