АҚШ әділет министрлігі Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған терактті ұйымдастырды деген күдікпен бір адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Ұсталған күдікті – Мохаммад Шарифулла. Ол Қазақстанда тыйым салынған "Ислам ұйымына" кіретін "Вилаят Хорасан" террористік тобының ықтимал мүшесі.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Шарифулла "Крокус Сити Холлға" шабуыл жасаған лаңкестерге нұсқау беріп, Калашников автоматын қолдануды үйреткен.
Ол сонымен қатар терактіге қатысы бар екі лаңкесті танығанын мойындады.
АҚШ билігі күдіктіні тағы бірқатар лаңкестік әрекеттерге, соның ішінде 2021 жылы тамыз айында 13 америкалық сарбаздың өліміне себеп болған жанкешті шабуылына жауапты деп айыптап отыр.
Айта кетейік, 2024 жылдың 22 наурызында қарулы топ Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратына кіріп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Кейін ғимаратты өртеп жіберген.
Ресми мәлімет бойынша 100-ден астам адам қаза тауып, 1700-ден аса адам зардап шекті.
Қазіргі таңда тергеу жалғасуда.