ШҚО тұрғындары жаңа жұмыс уақытына көшті

1098
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандарының тұрғындары 5 наурыздан бастап жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, жұмыс уақытын бір сағатқа жылжыту идеясын ауданның барлық 28 ауылдық елді мекенінің тұрғындары қолдаған.

Зайсан ауданында 33 елді мекен бар, онда 35 мыңнан астам адам тұрады.

Аудан әкімі Әэлита Ахметсәлімқызының айтуынша, зайсандықтар бұл ұсынысты қуана қабылдаған.

"Бұл шешім қабылданбас бұрын, әрбір ауылдық округте жиналыстар өткіздік, халық бұл идеяны қолдады. Өйткені Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс шекарасына ең жақын орналасқан, сондықтан бізде күн ерте шығады, яғни жарық уақыт та ертерек басталады. Сондықтан жұмыс күнінің 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталуы халыққа өте ыңғайлы – жұмыстан кейін үй шаруасына, балаларға және жақындарына көбірек уақыт қалады", – деді әкім.

Айта кетейік, Зайсан ауданында сегіз ауылдық округ және 33 елді мекен бар. Онда 35 219 адам тұрады.

5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылында жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталатын жаңа жұмыс кестесіне көшкен болатын. Ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы кестеге өткен.

Пікірлер