«Ми жұмысын тежейді». Депутат жасанды интеллектіге қатысты шектеу енгізуді ұсынды

971
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына ChatGPT секілді жасанды интеллекті қолдануға шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бүгінде білім алушылардың көпшілігі тапсырмаларды орындаудың орнынаоны Chat GPT-ге салып, дайын жауап алуды әдетке айналдырғанын мәлімдеді.

«Әрине, технологияның дамығаны жақсы. Бірақ уақыт өте келе, бұның барлығы ми жұмысының шектелуіне алып келетін сияқты. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары тапсырманы жасанды интеллект – ChatGPT-ге сала салады да, өздігімен ештеңе істемей, отыра береді. Меніңше, мектеп оқушылары үшін қандай бір шектеулер қою керек. Егер ол шектеуді қоймаса, ертең сол оқушыларымыз студент болады, еңбек нарығына араласады. Соның зардабын 20 жылдан кейін көреміз. Бұл да біздің еліміз үшін үлкен бір қауіптің бірі»,- деді Мұқаев.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы таныстырылған болатын. Заң жобалары жасанды интеллект технологияларын және жүйелерін пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеуге бағытталған.

Пікірлер