Зеленский Трамппен кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады

4148
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйдегі кездесуден кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Рахмет, Америка, қолдауың үшін рахмет, осы сапар үшін рахмет. Президентке, Конгресске және Америка халқына рахмет. Украинаға әділ әрі тұрақты бейбітшілік керек, біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісінде.

28 ақпанда Ақ үйде Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісімге қатысты жоғары деңгейдегі келіссөз өтті. Оған АҚШ президенті Дональд Трамп, Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысты. Алайда, кездесу барысында тараптар арасында қатты кикілжің туындап, нәтижесінде баспасөз конференциясы өтпей қалды.

Кездесу алдында Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келісімге келу мүмкін еместігін айтты. Ал Трамп әлем үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын мәлімдеді.

Жанжалдан кейін Украина делегациясы Ақ үйден кетіп қалды.

Келіссөзден кейін көп ұзамай Ақ үй бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. БАҚ мәліметінше, АҚШ тарапының мәлімдемесінде:

"Американы ешкім ешқашан пайдалана алмайды" деген сөз айтылған.

Бұл оқиға Вашингтон мен Киев арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні белгісіз. Алдағы уақытта екі ел басшыларының тағы да кездесуі мүмкін бе, жоқ па – ол жағы әзірге белгісіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер