"Жасөспірімдерге кері әсер етуі мүмкін". Қырғызстанда "Рэкетир 3" фильмі прокаттан алынып тасталды

1026
Adyrna.kz Telegram

20 ақпанда Қырғызстандағы "Синематика" кинотеатрлар желісі қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир 3" фильмін премьера күні прокаттан алып тастаған еді. Кинотеатр өкілдері бұндай шешімге неліктен барғандарын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

19 ақпанда Бішкекте "Рэкетир 3" фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Келесі күні әлеуметтік желілерде фильм актерлерімен бірге Руслан Қамшының жүрген видеосы тарады.

Руслан Қамшы – қылмыс әлемінде танымал болған Қамшы Көлбаевтың ұлы. Көлбаев 2023 жылдың күзінде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнайы операциясы кезінде өлтірілген.

Осыдан кейін, фильмнің прокаттан алынуы осы оқиғаға байланысты болуы мүмкін деген болжамдар айтылды.

Фильмнің басты рөлін сомдаған Саят Исембаев әлеуметтік желіде видео жариялап, Руслан Қамшының фильмге еш қатысы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Руслан жабық көрсетілімге жай ғана шақырылған қонақтардың бірі болған.

Исембаев Қырғызстан билігін фильмді көрсетуге рұқсат беруге шақырып, қырғыз халқының бұл фильмді күтумен болғанын мәлімдеді.

Қырғызстанның мемлекеттік киноорталығы "Қырғызтаспасы" фильмнің прокаттан алынуына Руслан Қамшының еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Орталықтың басшысы Талант Толобеков бұл шешімнің себебін "фильмде жасөспірімдерге теріс әсер етуі мүмкін кадрлардың болуымен" байланыстырды.

"Жасөспірімдер арасында қайғылы жағдайлар болып жатыр. Бұл фильмде сондай көріністер бар. Сондықтан "Қырғызтаспасы" жанындағы комиссия фильмге берілген прокат куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады", – деді Толобеков.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанда түсірілген екі фильмнің Қырғызстандағы кинотеатрларда көрсетілуіне тыйым салынған.

Бірақ бұл шектеулердің теледидар мен онлайн платформаларға қатысы жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер